«Хабар» Eurovision ән байқауының гранд-финалын тікелей эфирде көрсетеді

Eurovision көрермендері үшін жақсы жаңалық.

«Хабар» арнасы бүгін елорда уақытымен түнгі сағат бірде халықаралық ән байқауының гранд-финалын тікелей эфирде көрсетеді. Биыл әншілер сайысы Роттердам қаласында өтіп жатыр. «Евровидение-2021» конкурсына 39 елдің өнерпаздары қатысады. Былтырғы «Евровидение» ән байқауы пандемияға байланысты өтпеген еді. Армения және Беларусь қатысушыларынан басқасы былтырғы конкурсқа іріктелгендер. Ал қаржылық жағдайға байланысты Венгрия мен Черногория бәсекеге қатысудан бас тартты. Тікелей эфир жүргізушілері – Қалдыбек Жайсанбай мен Махаббат Есен.