Junior Eurovision: бүгін онлайн дауыс беру басталады

Бүгін Junior Eurovision-нің финалына өтетін 30 қатысушы анықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізім jevision.khabar kz сайтында жарияланады. Ал түнгі 12-де үздік отызға онлайн дауыс беру басталып, ол қазанның 12-сіне дейін жалғасады. 

Бұл ұлттық іріктеудің екінші кезеңі. Алғашқысы 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасқан. Осы кезде еліміздің барлық өңірінен 819 өтініш түсті. Былтырғыға қарағанда биыл ән байқауына қатысам деген балалардың саны шамамен 200-ге көп. Сол 800-ден аса өреннің 30-ын қазылар алқасы бүгін анықтайды. Тізім jevision.khabar kz сайтында жарияланады. Сөйтіп түнгі 12-де үздік отыз балаға онлайн дауыс беру басталып, ол қазанның 12-сіне дейін жалғасады. Бұл ұлттық іріктеудің үшінші кезеңі. 

Қарлығаш Әбдікәрімова, қазылар алқасының мүшесі:

– 30 балаға бүкіл Қазақстан өздерінің дауыстарын беру керек. Балалардың бәрі де талантты.

Қазылар алқасы да – сайдың тасындай іріктелген кіл мықты мамандар. Хамит Шаңғалиев, Мәдина Сәдуақасова, Бексұлтан Кенішқалиев, Ерлан Бекчурин, Қарлығаш Әбдікәрімова және Қанат Айтбаев төрелік жасайды.

Қанат Айтбаев, қазылар алқасының мүшесі:

– Ұлттық іріктеудің төртінші кезеңі – финал. Бұған онлайн дауыс беруден үздік шыққан үздік 10 бала қатысады. Олар композиторлардың арнайы жазған әндерін шебер орындауы тиіс. Финал қарашаның 6-сында «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сөйтіп он баладан бір бала жеңімпаз атанып, Junior Eurovision-де ел намысын қорғау үшін Парижге аттанады.

Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:

– Биыл бізді қуантқан бір жағдай, 19 желтоқсанда өтетін конкурс оффлайн форматта өтеді. Былтыр өзіңізге мәлім, онлайн форматта өтті, Қарақат Башанова онлайн қатысты. Биыл біздің жеңімпазымыз Қазақстан атынан Парижге барып, өз өнерін паш етеді.

Junior Eurovision-нің жеңімпазы желтоқсанның 19-да белгілі болады. Халықаралық байқауда 19 елден баратын 9 бен 14 жас аралығындағы өрендер бақ сынайды.

Атап өтейік, «Хабар» Агенттігі – 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі. Осының арқасында Қазақстан халықаралық ән додасына осымен 4-ші мәрте қатыспақ.

Қорған Қонысбайұлы, Нұрғали Мамырбаев

Сондай-ақ...