Junior Eurovision 2021: дауыс берудің аяқталуына бір тәулік қалды

Ұлттық іріктеудің финалистерін анықтау үшін jevision.khabar.kz сайтында қазір дауыс беру жүріп жатыр.

Үздіктер қатарына ілігуге 30 қатысушы үмітті. Ертең, 12 қазан – соңғы күн. Сондықтан, көрермен, өзіңізге ұнаған жас өнерпазға дауыс беруден қапы қалмаңыз.

Еске сала кетейік, Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасты. Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 819 өтінім келіп түсті.

Junior Eurovision байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 6 қараша күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Іріктеуден өткен 30 қатысушының тізімі:

Аңсар Әділханов, 11 жаста, Семей;

Айнель Асқарова, 12 жаста, Атырау;

Сабрина Әділбек, 12 жаста, Алматы;

Есет Әлжанов, 14 жаста, Нұр-Сұлтан;

Әйгерім Амантай, 12 жаста, Нұр-Сұлтан;

Шерхан Арыстан, 10 жаста, Алматы облысы;

Әмина Асғатова, 11 жаста, Ақтау;

Алтын Байтас, 13 жаста, Екібастұз;

Бекнұр Жәнібекұлы, 8 жаста, Страсбург (Франция);

Дінмұхамед Беріков, 14 жаста, Нұр-Сұлтан;

Исатай Болатханұлы, 14 жаста, Ақмола облысы;

Аружан Ермек, 11 жаста, Алматы облысы;

Әйгерім Есмұрзаева, 13 жаста, Алматы;

Әбілқайыр Жұмабай, 10 жаста, Алматы облысы;

Інжу Есімжан, 9 жаста, Талдықорған;

Әдел Күнәділова, 12 жаста, Нұр-Сұлтан;

Айя Құрманғали, 11 жаста, Алматы;

Жан Маким, 12 жаста, Алматы;

Баян Мұхиден, 9 жаста, Алматы;

Ақнұр Нұржанова, 14 жаста, Нұр-Сұлтан;

Сағын Өмірбайұлы, 11 жаста, Шымкент;

Армен Саакян, 13 жаста, Ақтау;

Камила Ағымбай, 13 жаста, Алматы облысы;

Далия Смағұлова, 12 жаста, Нұр-Сұлтан;

Адина Сүленова, 9 жаста, Нұр-Сұлтан;

Екатерина Табарина, 13 жаста, Нұр-Сұлтан;

Аяна Төленова, 14 жаста, Нұр-Сұлтан;

Әлімжан Түгелбай, 12 жаста, Ақсай, БҚО;

Әлинұр Хамзин, 11 жаста, Орал;

Ева Ширко, 13 жаста, Нұр-Сұлтан.