Бүгін «Хабар» арнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталады

Бүгін сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталады.

Онлайн дауыс беру бүгін аяқталды. Әрбір қазақстандық сайтта өздеріне ұнаған қатысушыны қолдай алды. Жеңімпаз желтоқсанда Парижде өтетін «Junior Eurovision – 2021» ән байқауында Қазақстанның намысын қорғау үшін күресетін болады. Ұлттық іріктеу финалы 6 қарашада өтеді, оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.