Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеудің жеңімпазы Парижде​ өнер көрсетеді

​6 қараша​ күні​ сағат 19:00-де​ «Қазмедиа» орталығының концерт залында​ Junior Eurovision 2021​ Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

Қазылар алқасының бағасы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беруі нәтижесінде 19 желтоқсанда​ Парижде​ өтетін ән байқауында​ Қазақстанның атынан өнер көрсету құқығына ие болатын қатысушы анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бұл байқауға төртінші рет қатысуы​ «Хабар»​ Агенттігінің Еуропалық Хабар тарату одағының қауымдастырылған мүшесі болып табылуының арқасында мүмкін болды.