«Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің финалы өтеді

Бүгін Қазақстан атынан балалар «Еуровидениесінде» өнер көрсететін жас орындаушының есімі белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық іріктеу жеңімпазы кешкі жетіде «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде анықталады. Финалға ең дарынды 10 орындаушы өтті. Олар еліміздің танымал композиторлары арнайы жазған авторлық әндерін орындайды. Үздігін қазылар алқасы мен қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ал жеңімпаз 19 желтоқсанда Париждегі өнер додасына қатысады. «Хабар» агенттігі 2016 жылдан бастап Еуропалық хабар тарату одағына мүше болып келеді. Қазақстан бұл байқауға төртінші рет қатысады.