loader


Junior Eurovision 2021 байқауына Қазақстаннан қатысатын финалистер ұлық мерекемен құттықтады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген «Балалар Евровидениесі-2021» байқауының финалында ел намысын қорғайтын Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин ұлық мерекемен құттықтады.

Балақайлар жексенбіде өтетін финалдық кезеңге қызу дайындалып жатыр. Ойын баласы болғандықтан бой сергітуге де уақыт табады. Конкурсанттарға санитарлық шектеулерге байланысты сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Сондықтан олар қонақүйдің фойесінде достарымен ойнап, шетелдіктерге Қазақстан туралы мағлұмат беріп жатыр. Арасында ұлттық ою-өрнек бейнеленген костюмдерін көрсетіп, қазақтың бай мәдениетімен мақтанып та қояды.

Әлинұр Хамзин, байқау қатысушысы:

- Біз осы тәуелсіздіктің арқасында Бекнұр екеуіміз дүниежүзілік Junior Eurovision-2021 байқауына қатысып жатырмыз. Бұл біз үшін, бүкіл Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Сондықтан біздің тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Бекнұр Жәнібекұлы, байқау қатысушысы:

- Қазақстанның тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекет ретінде берекелі ғұмыр кешуімізді тілеймін. Біз осы жексенбіде өтетін «Балалар Евровидениесі-2021» ән байқауында жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Бүгін түн жарымынан бастап, жексенбіге дейін junioreurovision.tv сайтына кіріп, үш сайыскерге, оның ішінде қазақстандық дуэтке дауыс беріңіздер. Ал жексенбі күні «Хабар» арнасынан көрсетілетін байқау аяқталған соң 15 минут ішінде тағы да Бекнұр мен Әлинұрды қолдай аласыздар.

Сондай-ақ...