Junior Eurovision 2021: Бекнұр Мен Әлинұрға дауыс береміз!

Балалар Евровидениесі-2021 байқауының финалы бүгін 21:00-де Хабар телеарнасынан көрсетіледі. Қазақстандықтар Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзиннің өнеріне көз тігеді. Қос балақайдың ата-анасы мен ауылдағы ата-әжелері де тақым қысып отырғаны анық. 

Бекнұр Жәнібекұлының анасы Зәуре үй шаруасындағы әйел. Отбасында тағы бір ұл тәрбиелеп отыр. Жолдасы Қазақстанның Франциядағы консулдық қызметінде. Қазір олар Парижден 400 шақырым жерде орналасқан Страсбург қаласында тұрады. «Балалар Евровидениесі» байқауының ұлттық іріктеу турына қатысу туралы ұсынысты Бекнұрдың әкесі тастаған. Данэлия Тулешова жеңіс тұғырынан көрінбегенде Бекнұрдың көңілі босап кетіпті. Бұл жолы жанкүйерлер барынша қолдау көрсетеді деген сенімде.

Зәуре Бектемісова, Бекнұрдың анасы:

– Қазақстандықтардың қолдауларын іштей сеземіз. Әсіресе, жақындарымыз бен достарымыз жазып, сұрап жатыр. Қашан таңдау жасауға болады деп. Барлығы бізге дауыс берсе, өте қуанышты боламыз. Біздің папамыз Қазір жұмыста, бірақ концертке өзі келеді.

Әлинұр Хамзин Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Үйдің ортаншысы. Әпкесі мен қарындасы бар. Вокалмен ерте жасынан айналысқан. Анасы мектепте технология пәнінен сабақ береді. Сондықтан баласының шығармашылығына көңіл бөлуге қолы тие бермейді. Есесіне Әлинұрдың әкесі Азамат - жеке кәсіпкер. Ұлын кішкентайынан «Хор және фортепиано» үйірмесіне тасыған. Қазір де барынша қолдап отырады. Бірақ ең басты сүйеушісі Әлинұрдың атасы мен әжесі.

Әлинұр Хамзин, байқауға қатысушы:

– Атам ақ көкемдей баладан деп еркелетеді.

Азамат Асылбеков, Әлинұрдың әкесі:

– Әрқашан теледидар алдынан қарап, мен осы бақыттымын деп көз жасын алып отырған кездері болды. Осы үлкен додаларда жеңімпаз болғанда, әсіресе мына кеше ұлттық байқаудан өткенде.

Бекнұр да Әлинұр да қарапайым отбасынан шыққан балалар. Өнерге деген ұмтылысын ата-анасы байқап, демеу білдіргеннің арқасында әлем жұртшылығы көз тіккен ән додасына қатысуға мүмкіндік алды. Junior Eurovision-да қазақстандық көрерермендер белсенді түрде дауыс беріп, қолдау білдіреді деп үміттенеді.

Ғалымжан Қараманұлы