loader

Eurovision: «Вaqytty Bala-2022» байқауында тағы бір жас өнерпаз бақ сынамақ

Eurovision: «Вaqytty Bala-2022» байқауында тағы бір жас өнерпаз бақ сынамақ

Алматылық жас өнерпаз Давид Чарлин балалар Eurovision-де Қазақстанның намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткер Ақтөбеде өткен «Baqytty Bala-2022» байқауы кезінде анықталды. «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған жас әншілер сайысының биыл ерекшелігі көп. Сайысқа 200-ден астам үміткерден өтініш түскен. Ақтық сында олардың 21-і ғана әділқазылар алқасы алдында өнер көрсетті. Қазақстаннан бөлек Ресей, Армения, Өзбекстан, Түркия мен Испания, Болгария және Румыниядан жеткен. Төрешілер балалардың әншілік және әртістік шеберлігін жоғары бағалап отыр. Барлығының да деңгейі қарайлас. Сондықтан биыл бірінші орынға екі бірдей үміткер лайық деп танылды. Ақтөбелік Жанерке Әбдірахменова мен Ресейден келген Ульяна Зарва үздік деп танылса, Давид Чарлин Евровидениеге жолдама алды. 

Жан Мұқанов, музыкалық продюсер:

Үлкен жауапкершіліктің мойнына жүктелгенін енді ғана түсініп тұр. «Хабар» агенттігі еуропалық ақпарат тарату одағымен байланыста болғандықтан осындай мәртебеге ие. Биыл «Балалар Евровидениесінің» ұлттық кезеңі дәл осы «Бақытты бала» жобасынан басталады. Давидтің алдағы сыннан сүрінбей өтіп, жүлделі болатындығына сенімдімін.

 

Сондай-ақ...