366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision» байқауының республикалық іріктеу финалы Алматыда өтеді

  • 232
  • UPD: 18:08, 17.09.2018
«Junior Eurovision» байқауының республикалық іріктеу финалы Алматыда өтеді

22 қыркүйек күні Алматы қаласы «HALYK ARENA» стадионында «Балалар Евровидениесі» байқауының Республикалық іріктеуінің финалы өтеді.

Байқаудың іріктеуінен өткен 10 қатысушысы алғаш рет тікелей эфирде, мыңдаған көрерменнің алдында өздерінің әндерін орындайды.

Гала-концертті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, балалар өнер көрсеткеннен кейін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефоннан хабарласу арқылы дауыс береді. Әр балаға арнайы нөмірлер бекітіледі. Дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.

Сондай-ақ бағдарламада отандық музыка саласының әртістері өнер көрсетеді.

Кештің жүргізушілері: Майя Бекбаева, Нұрсұлтан Құрман, Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек.

Кеш бағдарламасы:

18.30 – 20.00

Гала-концерт

(тікелей эфирде көрсетіледі)

20.00 – 20.30

Дауыс беру

20.55

Жеңімпазды хабарлау

(тікелей эфирде көрсетіледі)

21.20

Жеңімпазбен брифинг  

Хабар 24 телеарнасы