365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Еurovision 2018» ән байқауының басталуына бес күн қалды

  • 294
  • UPD: 16:59, 18.09.2018

Жарыстың іріктеу сынынан сүрінбей өткен 10 қатысушымыз ірі жобаға, тас-түйін дайын.

Одан тыс тартысты додада талантты жастарымыз өнер көрсететін Алматыдағы «Халық Арена» алаңында дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

Бардық. Көрдік. Қайттық. Бұл – қарапайым көрермен көзімен қараған құбылыс. Әсілі олай емес. Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, елімізде алғаш рет шымылдығы түрілейін деп тұрған ірі жобаның мәзірі, әзірден әзірлік көруде. Атап айтқанда, сіз отыратын орындықтан бастап ән шырқалатын сахна төріне дейін әрленуде. Себебі бұл байқаудың маңызы ерекше.

Ғалия Байбосынова, Junior Eurovision 2018 байқауының атқарушы продюсері:

- Қазір енді соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сахнаны қай жаққа қоямыз, жарықты қай жақтан ілеміз, қонақтар қай жақтан отырады, қанша адам сыяды деген сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл кішкентай жұмыс сияқты, алайда бұл ең басты керек жұмыс.

Одан кейін бүлдіршіндеріміз сахна төрінде соңғы дайындықтарын пысықтайды. Себебі әлем жұртының назары ауатын додада кім де болса мінсіз болғысы келеді.

Ғалия Байбосынова, Junior Eurovision 2018 байқауының атқарушы продюсері:

- Бұл көптен бері келе жатқан арман. Өз тарапымнан. Әрдайым ойлайтынмын, неге Евровидениеде біздің балалар жоқ. Біздің балалар өте дарынды. «Әу демейтін қазақ жоқ» деп бекер айтпайды ғой. Өте көп дарынды балалар. Бұл шараны әлем көреді, ерекшелігі сол.

Көптен күткен додамыз 22 қыркүйек күні, кешкі сағат 18.30 да басталады. Онда еліміздің жарық жұлдыздары төрелік етеді. Олармен қоса, сіз де SMS арқылы дауыс беріп, таңдау жасай аласыз. Жеңімпаз, ортақ дауыс беру нәтижесі арқылы белгілі болады.

Авторы: Бірлік Берікұлы

Осы категория бойынша: « «Junior Eurovision» байқауының республикалық іріктеу финалы Алматыда өтеді «Junior Еurovision 2018» ұлттық іріктеуге үміткердің бірі – атыраулық Санат Асуат »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы