365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Еurovision 2018» ұлттық іріктеуге үміткердің бірі – атыраулық Санат Асуат

  • 224
  • UPD: 23:28, 17.09.2018

«Евровидение-2018» халықаралық балалар байқауында еліміздің атынан қатысуға үміткердің бірі – атыраулық Санат Асуат.

Бүгінде жас талапкер өзінің шығармашылық жолындағы ең жауапты байқауға дайындық үстінде.

Алқалы топ алдынада ән салу үлкен еңбекті, зор жауапкершілікті талап етеді. Балабақшадан бері әнді жанына серік еткен 13 жастағы Санат үшін бұл қалыпты жағдай. Кәсіби мамандардың мектебінен өткен, үйінде анасының сүйемелдеуімен сахна сырына қанығып келе жатқан жас өнерпаз күн санап шеберлігін шыңдауда. Бүгінгі басты мақсат – таяуда өтетін ұлттық іріктеу сынына дайындық. Ән салуды бала жастан серік еткен перзентінен ата-анасы үлкен үміт күтеді

Мұрат Ғабдісәлімов, Санаттың әкесі:

Ол өлең айтуды сөйлеуден бұрын бастады. Екі жасында караоэкеден 100 балл алатын. Сөйлей де алмай, әндердің сөзінде білмей. Ал ең бірінші рет халықтың алдына шыққаны ол 5 жасында болды. Хормен шықты.

Санаттың репертуарында әлем халықтарының көптеген шығармалары мен қоса дүниежүзіне танымал эстрада жұлдыздарының әндері бар. Бұл Санаттың республикалық, халықаралық байқауларда жүлдеге жетуіне зор ықпалын тигізіп келеді. Жас өнерпаз вокал мен бірге ұлттық жетіген аспабынан да сабақ алады. Қазір Санат «Евровидение 2018» балалар байқауының Алматы қаласында өтетін ұлттық іріктеу турына дайындық үстінде.

Санат Асуат, «Junior Еurovision 2018» ұлттық іріктеу турының үміткері:

Әрине, мен байқауға жеңемін деп бара жатырмын. Бірақ ол бастысы емес, тәжірибе алуға бара жатырмын, әлемдік деңгейдегі сахнада абыроймен өнерімді көрсетуге тырысамын.

Санат Асуат – жан-жақты дамып келе жатқан қабілетті бүлдіршін. Ол әкесіне ілесіп садақ тартып, нысана көздеуді де, бала жастан серігі сурет салуды да тастамастан өлеңмен бірге өркендетіп келеді. Біз жас талантқа дүбірлі додаларда толайым табыстар тілейміз.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « «Junior Еurovision 2018» ән байқауының басталуына бес күн қалды «Junior Еurovision 2018» байқауына елімізден қатысуға үміткерлер «Хабар» Агенттігінде қонақта болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы