365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық жеткіншек «Junior Eurovision 2018-ге» еліміз атынан қатысудан үміткер

  • 104
  • UPD: 01:21, 19.09.2018

«Junior Eurovision 2018» байқауына жолдама беретін Алматыдағы іріктеу финалда дарынды ел жастары бақтарын сынамақ.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанудан ниетті әншілердің қатарында павлодарлық Мария Затварницкая да бар. 

Мария Павлодар музыкалық мектебінде оқитын 300-ге жуық баланың қатарында арпа ішіндегі бір бидай. 14 жасар әншінің қоржынында 15-тен астам халықаралық және республикалық байқаудың жүлделері бар. Марияға анасы мен ұстаздары зор үмір артуда.

Инна Затварницкая, Марияның анасы:

- Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып, тақымын қысады деген сөз бар. Қызымның басты қолдаушылары ретінде психологиялық дайындық керек. Ең бастысы, Мария бәсекелестікті ңне екенін түсінеді. Сахнадан қорықпайды.

Жеткіншек Алматыда өтетін өнер жарысына тыңғылықты әзірлік үстінде. Күн, түн демей, ұстазымен бірге мектеп қабырғасынан табылады. Ендігі мақсаты - Минскіде ел намысын қорғау. Бұл Марияның алғашқы байқауы болмаса да орны бөлек дода.

Мария Затварницкая, байқауға қатысушы:

- Бұл Италияда өткен байқаумен пара-пар жарыс. Тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыластарым өте мықты. Дегенмен, қаймықпай, бойымдағы бар өнерімді паш етуге тырысамын.

Лариса Эйвазова, фортепиано сыныбының оқытушысы:

- Маша мақсат қойып, соған жете алатын талантты қыз. Кез келген, академиялық, эстрадалық  вокалдық туынды болсын, жанын беріп орындайды. Оның бұл қасиетіне тәнтіміз. 

Жеті жасынан шығармашылыққа бет бұрған Мария Санкт-Петербургтегі Мариин мемлекеттік академиялық театрында әнші болуды армандайды. Мұратына жету үшін тынымсыз еңбектенуге бар.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы