364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Динар Нәдірбекова – Junior Eurovision 2018 ұлттық іріктеуінен өткен санаулы үміткердің бірі

  • 251
  • UPD: 15:59, 21.09.2018
Динар Нәдірбекова – Junior Eurovision 2018 ұлттық іріктеуінен өткен санаулы үміткердің бірі

Семейлік жас талант Динар Нәдірбекова – Junior Eurovision 2018 ұлттық іріктеуінен өткен санаулы үміткердің бірі.

Ол қазір тынбай ақтық сайысқа дайындық үстінде. Сабақтан тыс уақытында ұстазы екеуі сағаттап ән салудан жалыққан емес. «Бұл байқау – өмірімдегі ең үлкен белестердің бірі болатынына сенімдімін», - дейді Динар.

6 жасынан өнерге ғашық болған Динар бұған дейін де сан түрлі байқауларда топ жарып жүрген өнерпаз. Ал «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Балалар Евровидениесі» ұлттық іріктеуінде 200 жеткіншектің ішінен үздік ондыққа енуін ата-анасы мен ұстаздарының ортақ жеңісі деп есептейді.

Динар Нәдірбекова, Junior Eurovision 2018 ұлттық іріктеуінің финалисі:

- Менің апайым жас кезінен бастап ән айтады. Соған қарап, менің әнге деген қызығушылығым басталды. Мен ән айтқаннан бері бір мұғаліммен жұмыс істегем, бірақ қазір ол Алматыда студиясын жалғастырып жатыр. Қазір мен 2 жыл бойы Галина Александровна деген мұғаліммен ән айтамын. Біздің қарым-қатынасымыз дос сияқты.

Динар негізінен шетелдік әндерді орындағанды жақсы көреді. Алайда ұлттық нақыштағы эстрадалық туындылар да жүрегінен орын алғанын айтады. Музыкалық жетекшісі Галина Новикова да жас дарынның талғамы биік, ынтасы жоғары екенін атай отырып, болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

Ботагөз Салихова, педагог-куратор:

- Мен Динарды бірінші күннен байқағаным, ол тек қана ән жағынан емес, оқу жағынан да өте үлгерімі жақсы. Барлық мұғалімдермен, оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы. Динардың бұл конкурсқа өткеніне барлық Семей қаласы, Шығыс елі болып және өзінің оқып жүрген сыныптастары, Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары, оқытушылары болып тек қана ақ жол тілейміз!

Динар қазір жүрегі алып ұшып 22 қыркүйекте Алматыда өтетін гала-концертке дайындалып жатыр. Еліміздің намысын 25 қарашада Минскіде өтетін дүниежүзілік додада қорғайтын өнерпаздың да аты сонда белгілі болады. Бұл кешті көрермендер «Хабар» арнасының тікелей эфирінен де тамашалай алатынын естеріңізге сала кетейік.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Осы категория бойынша: « «Junior Eurovision 2018». Гала-концертке екі күн қалды Мейіржан Жидебай – Junior Eurovision 2018 іріктеу кезеңіне жолдама алғандардың бірі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы