366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018: Әзербайжан елінен қатысатын жас өнерпаздың есімі анықталды

  • 114
  • UPD: 23:57, 21.09.2018

«Junior Eurovision 2018» байқауына қатысушы мемлекеттер өз өкілдерін анықтай бастады.

Әзербайжан да осы сайыста ел намысын қорғайтын әнішісін таңдаған. Ал 25 қарашада Минскте өтетін бұл шараға Қазақстан атынан кім баратыны ертең белгілі болады.

Әзербайжандағы іріктеуде Фидан Гусейнова жеңіп, байқауға жолдама алды. Саз мектебінде оқитын ол 6 жасынан вокалмен айналысып жүр. Жұрт оны 2014 жылы Бакудегі концертте Лара Фабианмен дуэт айтқанын жақсы біледі. Сол кезде жасы небәрі тоғызда еді. Лара Фабианға дауысы ұнап, Ыстамбұлдағы концертте де бірге ән шырқады. 

Фидан Гусейнова, Junior Eurovision-2018 байқауындағы Әзербайжан өкілі:

– Бала кезімнен Лара Фабианның өнеріне қызығып келемін. Кішкентай кезімде анам оның өлеңдерін қойып, мені ұйықтататын. Ол маған өте ұнайды, бірге өлең айтуды армандайтынмын. Ақыры осы арманыма жеттім. Алғаш рет Бакуде 23 қазанда бірге өлең айттық. Ал келесі күні туған күнім еді. Бұл мен үшін тосын сыйлық болғаны анық. 

Өзге үміткерлер арасынан Фидан Гусейнованы бірегей таланты үшін таңдады. Жасына қарамастан, Фидан бірнеше халықаралық сайысқа қатысқан. Биыл Сан-Ремо Юниор байқауында үшінші орынға ие болды. Ал былтыр Testene Art Baku халықаралық өнер фестивалінда 9-12 жас аралығындағы вокал дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған.

Фидан Гусейнова, Junior Eurovision 2018 байқауындағы Әзербайжан өкілі:

– Бұл менің арманым болған. Еуропалық балалар байқауына баратынымды естіп, қатты қуандым. Алғашында тіпті сенген жоқпын. Керемет болды. Мектепке келгенде, бәрі мені құшақтай бастады. Байқауда елімнің намысын қорғап, лайықты ән орындасам, достарым қуанатынына сенімдімін. Қазақстан өкіліне де табыс пен сәттілік тілеймін. Өз елінің намысын қолынан жібермесін.

Оның есімі Әзербайжан жас дарындарының «Алтын кітабына» жазылған. Жас әнші байқауда көш басынан көрінетіндігіне сенімді. «Ал бұл үшін көп жаттығу керек», – дейді ол.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы