365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Junior Eurovision 2018 байқауының республикалық іріктеу финалы басталды

  • 349
  • UPD: 08:43, 24.09.2018

Алматы қаласында Junior Eurovision 2018 байқауының республикалық іріктеудің ақтық сыны басталды.

Бүгінгі сайыста қатарынан озып шыққан жеңімпаз Минскіде өтетін халықаралық байқауда өнер көрсетеді. Айта кетейік, биыл балалар Евровидениесіне әлемнің 19 елінен үміткер қатысады. Олардың ішінде Ресей, Сербия, Нидерланд секілді мемлекеттердің әнші балапандары бар. Бұл халықаралық додаға Қазақстан мен Уэльс алғаш қатысқалы отыр. Қазір ата-анасы, туыс-бауыр достары, жерлестері үкілеп, өнер бәйгесіне қосып отырған байрақты бәсеке Алматыдағы «Халық Аренада» өтіп жатыр.

Байқаудың іріктеуінен өткен 10 қатысушы алғаш рет тікелей эфирде, мыңдаған көрерменнің алдында өздерінің әндерін орындайды. Кейін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефоннан хабарласу арқылы дауыс береді. Әр балаға арнайы нөмірлер бекітіледі. Дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.

Дауыс екі жолмен беріледі.

5708 қысқа нөміріне қатысушының нөмірін SMS арқылы жолдауға болады. Бір SMS құны – 50 теңге.

Немесе:

8-803-080-100_ (1-10) нөміріне қоңырау шалуға болады. Соңғы сан финалисттің нөмірімен сәйкес келуі керек. Қоңырау шалу құны – 17 теңге.

Дауыс беру уақыты: 20:00-20:30.

Тікелей эфирді «Хабар» арнасынан немесе төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады.

http://khabar.kz/ru/programma/onlajn-translyatsiya

https://www.youtube.com/c/khabarshow

https://www.facebook.com/kazakhtvkz

http://kazakh-tv.kz/ru/category/live_now 

Осы категория бойынша: « Данэлия «Евровидение 2018» балалар байқауында орындайтын әні туралы ойымен бөлісті Данэлия Төлешова Junior Eurovision 2018 байқауына 100% дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы