364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018: Үміткерге дауысты қалай беруге болады?

  • 410
  • UPD: 18:59, 22.09.2018
Junior Eurovision 2018: Үміткерге дауысты қалай беруге болады? Etcetera.media

Бір сағаттан кейін Алматы қаласында Junior Eurovision 2018 байқауының республикалық іріктеудің ақтық сыны басталады.

Бүгінгі сайыста қатарынан озып шыққан жеңімпаз Минскіде өтетін халықаралық байқауда өнер көрсетеді.

Байқаудың іріктеуінен өткен 10 қатысушы алғаш рет тікелей эфирде, мыңдаған көрерменнің алдында өздерінің әндерін орындайды. Кейін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефоннан хабарласу арқылы дауыс береді. Әр балаға арнайы нөмірлер бекітіледі. Дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.

Дауыс екі жолмен беріледі.

5708 қысқа нөміріне қатысушының нөмірін SMS арқылы жолдауға болады. Бір SMS құны – 50 теңге.

Немесе:

8-803-080-100_ (1-10) нөміріне қоңырау шалуға болады. Соңғы сан финалисттің нөмірімен сәйкес келуі керек. Қоңырау шалу құны – 17 теңге.

Дауыс беру уақыты: 20:00-20:30.

Тікелей эфирді «Хабар» арнасынан немесе төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады.

http://khabar.kz/ru/programma/onlajn-translyatsiya

https://www.youtube.com/c/khabarshow

https://www.facebook.com/kazakhtvkz

http://kazakh-tv.kz/ru/category/live_now 

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision 2018. Ақтық сынның қатысушылары таңдаған әндері жайлы пікір білдірді Junior Eurovision 2018. Жас таланттарға Түркістан халқы қолдау білдірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы