365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018. Димаштың анасы қатысушыларға сәттілік тіледі

  • 314
  • UPD: 22:00, 22.09.2018

«Junior Eurovision 2018» байқауының ұлттық кезеңінің ақтық сынына жас әншіні таңдау сәті туындады.

Бұл сынды еліміздің барлық өңірлері асыға күтіп отырғаны анық. Мәселен, ақтөбелік өнер майталмандары мен жастар ұлттық кезеңнің гала концертін біріге тамашалап, ой бөлісуге «Жұбановтар әлемі» орталығына жиналған.

Светлана Айтбаева мен Димаштың музыкалық ұстазы Марат Әйтімов те осы жерде. Жалпы бұл концертті бірге тамашалау туралы ұсынысты жергілікті жастар саясаты жөніндегі басқармасы жасаған болатын. Себебі мұндай халықаралық деңгейдегі додаға еліміздің қатысуы тарихи сәт десе де болады. Яғни қазақ эстрадасының бүгінгі өнері шекарадан асып, әлемді өзіне қаратуға қауқарлы деген сөз. Бұл орайда қазақстандық жас таланттарды қолдау әрбір азаматтың парызы деп айтсақ артық емес. Мұны Светлана Айтбаева да растап отыр.

Светлана Айтбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Әрине, қолдау өте қажет. Жалпы осы сынға түскен балаларға сәттілік тілеймін!

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision 2018. Жас таланттарға Түркістан халқы қолдау білдірді Junior Eurovision 2018 байқауының қатысушысы Данэлия Тулешовамен сұхбат »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы