367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Төлешова Junior Eurovision 2018 байқауына 100% дайын

  • 439
  • UPD: 08:33, 25.09.2018

25 қараша Минскіде Junior Eurovision-2018 халықаралық байқауы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты додада Қазақстанның намысын Данэлия Тулешова қорғайтыны белгілі. Ұлттық іріктеуден өткен Данэлияның ән байқауындағы қарсыластары кім, дайындықтары қандай?

Junior Eurovision-2018 байқауына Әзірбайжанның атынан Фидан Гусейнова қатысатын болады. Есімі әзірбайжандық жас дарындардың «Алтын кітабына» жазылған өнерпаздың дайындығы осал емес. Ол небәрі тоғыз жасында Бакудегі концертте Лара Фабианмен дуэт айтып, бірнеше халықаралық сайысқа қатысқан. Биыл Sanremo Junior байқауында үшінші орынға ие болды. Сондықтан Фидан байқаудың бас жүлдесіне дәмелілердің бірі.

Фидан Гусейнова, Junior Eurovision-2018 байқауына қатысушы:

Бұл менің арманым болған. Еуропалық балалар байқауына баратынымды естіп, қатты қуандым. Алғашында тіпті сенген жоқпын. Керемет болды. Мектепке келгенде, бәрі мені құшақтай бастады. Байқауда елімнің намысын қорғап, лайықты ән орындасам, достарым қуанатынына сенімдімін. Қазақстан өкіліне де табыс пен сәттілік тілеймін. Өз елінің намысын қолынан жібермесін.

Ал Украинаның намысын 11 жастағы Дарина Красновецкая қорғайды. Ол да, Данэлия Тулешовамен бірге Украинаның «Голос. Дети» жобасына қатысқан. Дарина Украина және ағылшын тіліндегі екі бірдей әнді жазуға атсалысты. Беларусьтегі жарысқа сол әндерін ел назарына ұсынбақ.

Халықаралық сайыстың ұйымдастырушысы, Беларус елінің үміткері де басты фавориттердің бірі. 14 жастағы Даниэль Ястремский Мәскеудегі «Битва талантов» додасының ақтық мәресіне дейін жеткен. Беларусь әншісі «Голос. Дети» жобасында да бағын сынаған. «Бүгінде әр елдің таланттарымен танысып үлгердім» - дейді жас өрен.

Даниэль Ястремский, Junior Eurovision-2018 байқауына қатысушы:

- Мен Данэлия Тулешованы жақсы танимын. Мен онымен «Детская новая волна» байқауында танысқанмын. Кейде әлеуметтік желі арқылы бір-бірімізбен хабарласып тұрамыз. Оған сәттілік тілеймін. Оның қолынан бәрі де келеді деп сенеміз, өйткені ол өте талантты қыз.

Қазақстандық Данэлия Тулешованың намысты қолдан бермесі анық. Украиндық «Голос. Дети» тележобасының жеңімпазы, 2015жылғы «Детская новая волна» байқауының көрермендер көзайымы. Былтыр «Европа үміті» додасында гран-приді жеңіп алған. Junior Eurovision 2018 байқауына өзі де, шырқар әні де 100% дайын. Данэлия Төлешова бұл байқауда «Өзіңе сен» әнін орындайтын болады.

Данэлия Төлешова, Junior Eurovision 2018 байқауына қатысушы:

- Ән – кешегі мен ертеңгіні ойлай бермей, бүгінгіні бағалау керектігі туралы. Әрбір минут, әрбір сәтті сезініп өмір сүру қажет. Қандай да бір арман, мақсат болса, оны дәл сол сәтте іске асыруға ұмтылу керек. Себебі ешкім де оған қол жеткізуге көмектеспейді.

Естеріңізге салсақ, Минскідегі байқау 25 қараша күні, «БелЭкспо» кешенінде өтеді. Ел намысын қорғайтын жерлесіміз Данэлия Тулешоваға сәттілік тілейміз.

Авторлары: Шафаг Алиева, Анастасия Вылегжанина

Осы категория бойынша: « Алматыда Junior Eurovision 2018 байқауының республикалық іріктеу финалы басталды Данэлия Тулешова Junior Eurovision 2018 байқауында Қазақстан намысын қорғайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы