365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова Junior Eurovision байқауына арнап бейнебаян түсірді

  • 617
  • UPD: 09:17, 10.10.2018

«Junior Еurovision 2018» халықаралық байқауына қатысуға мүмкіндік беретін ұлттық іріктеуде 10 үміткердің ішінен топ жарған Данелия Тулешова қазір жауапты кезеңге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар24».

Еліміздегі әсем жерлердің бірі – Шарын шатқалында «Өзіңе сен» әніне бейнебаян түсірген ол, халықаралық сахнада шырқайтын әнін әлі де толықтырсам дейді. Тәлімгерінің айтуынша, сахналық қойылым да қайта жасалады. Дайындықтан бөлек, мектептегі сабақтарына да үлгеріп жүрген Данэлия «бұл халықаралық байқау – өнер жолымдағы тағы бір баспалдақ», – дейді. Айта кетейік, 25 қарашада Минскіде өтетін балалар байқауына биыл алғаш рет елімізден жас талант қатысқалы отыр.

Данэлия Тулешова, «Junior Еurovision 2018» халықаралық байқауына қатысушы:

– Минскіде ұлттық іріктеуде айтқан әнімді орындаймын. Ақтық сынның алдында ауырып қалып, көп дайындала алмадым. Бірақ бар күшімді салдым. Сондықтан қазір әнді жүрекке жететіндей орындауға күш салып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы