364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2018: Грузиялық жас әнші Д.Тулешова туралы пікір білдірді

  • 134
  • UPD: 11:35, 29.10.2018

Грузия Evrovision балалар ән байқауына дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы байқауға ел атынан 13 жасар Тамар Эдилашвили қатысады. Сайыста ол «Сенің дауысың» атты әнді орындайды.

Тамар Эдилашвилидің сайысқа дайындығы қызу. Өз дауысымен елін тәнті қалған қыз енді Еуропаны да таңқалдырмақ. Байқауда орындайтын «Сенің дауысың» атты өлеңді Грузия композиторы жазған.

Тамар Эдилашвили, Junior Eurovision 2018 сайысына қатысушы:

–Мен айтатын өлең өте серпінді. Оны төмен және жоғары дауыста ауыстырып орындау керек. Ұстазымен бірге осы техниканы жаттықтырып жүрмін. Сайысқа қатысатын өзге әншілерді де тыңдадым, бәсеке өте күшті болмақ. Қазақстандық әнші маған өте ұнады, дауысы керемет екен. Ол өте әдемі әрі дарынды қыз екенін мойындау керек.

Биыл балалар сайысына кімді жіберетінін грузиялықтар бүкіл ел болып шешті. Ұлттық байқауға жүздеген бала қатысқан еді. Жалғыз жолдамаға Тамар ие болған.

Натия Мшвениерадзе, Junior Eurovision 2018 сайысындағы Грузия делегациясының жетекшісі:

– Тамар Эдилашвили ел абыройын түсірмейді деп ойлаймын. Сахнадағы қимылы, жарық түсуі мен лед экрандарға көңіл бөлеміз. Ол өзге әншілерге мықты бақталас болатынына сенемін.

Балалардың әншілік сайысында үш мәрте жеңіске жеткен Грузия биыл да мега-шоу ұйымдастыруға уәде берді. Қазіргі кезде сценография, киімі мен графика дайындалып жатыр.

Авторлары: Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Осы категория бойынша: « Данэлия Тулешованың бейнебаяны бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды «Junior Eurovision 2018» додасының жүргізушілері анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы