364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision 2018» додасының жүргізушілері анықталды

  • 213
  • UPD: 10:41, 01.11.2018

«Junior Eurovision 2018» байқауына бір айдан аз уақыт қалды, деп хабарлады «Хабар 24».

Әнші балалардың биылғы басты додасын өткізуге бар жағдай жасалған.  Қатысушылар тоқтайтын қонақ үйлерден бастап өнер көрсететін сахнасына дейін, бәрі дайын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы сайыс тарихындағы ең үздік технологиялар қолданылған байқау болмақ. Ондаған мың арнайы диод шамдары мен орасан зор мультимедиялық экрандар орнатылған. Сондай-ақ дода жүргізушілері де анықталды. Қалыптасқан дәстүр бойынша, оны кезінде өздері де осы сайысқа қатысқан кісілер жүргізеді. Мысалы, Беларусьтегі таңғы телебағдарламаны жүргізетін – Анна Квилория. Еске салып кетсек, осы байқау Минскте осымен екінші рет өтетін болды.

Анна Квилория, «Junior Eurovision 2018» додасының жүргізушісі:  

- Өнерпаз адамдардың жиналатыны керемет ғой. Әрине, өзара бәсекелесе де алады. Ниеттері ортақ деуге де болады. Осындай сайысты өткізу – үлкен абырой. 2010 жылы Беларусь әнші балалардың байқауын лайықты деңгейде ұйымдастырған еді. Биыл да осыдан асып түспесе, кем болмас.

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision 2018: Грузиялық жас әнші Д.Тулешова туралы пікір білдірді Junior Eurovision байқауын қайдан көруге және Д.Тулешоваға қалай дауыс беруге болады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы