389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Junior Eurovision байқауын қайдан көруге және Д.Тулешоваға қалай дауыс беруге болады?

  • 2232
  • UPD: 19:00, 25.11.2018

Жақында Минск қаласында Junior Eurovision халықаралық байқауы өтеді.

Сайыста ел тарихында тұңғыш рет Қазақстанның атынан 12 жастағы Данэлия Тулешова өнер көрсетеді.

19 қараша күні шараның ашылу салтанатында жеребе бойынша Данэлия Тулешованың қандай нөмірде бағын сынайтындығы белгілі болады. Жерлесіміз «Өзіңе сен» әнін орындайды. Ашылу салтанатын «Хабар 24» телеарнасында 23.00-де көресіздер.

Ал 25 қараша күні сағат 21.00-де «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде 20 мемлекеттің қатысушылары додаға түсетін байқауды ұсынады.

Қатысушылардың барлығы өнер көрсеткен соң қатысушы мемлекеттер дауыс беруге кіріседі. Сондай-ақ дауыс беруге 3 ересек және 2 баладан тұратын қазылар алқасы да қатысады.

Қазақстандықтар тек Данэлияға ғана дауыс бермейді, сонымен қатар өздеріне ұнаған кез келген қатысушыға дауыс бере алады. Көрермендердің дауыс беруі 23-25 қараша аралығында junioreurovision.tv сайтында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендер дауысының ортақ шешімі бойынша анықталады.

Анықтама: Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Евровидениенің» аналогы. Қазақстан байқаудың 15 жылдық тарихында алғаш рет байқауға қатысқалы отыр. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.

Толықырақ дауыс беру туралы төмендегі видеодан көре аласыз!

Хабар 24 телеарнасы