371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision байқауының билеттері 10 есе қымбатқа сатылып жатыр

  • 121
  • UPD: 20:40, 16.11.2018

Джуниор еуровижн (( Junior Eurovision 2018 ))  додасының да билеттері саудаға түскеннен кейін бірнеше күнде түгел сатылып кеткен.

Алайда сайысты өз көзімен көргісі келетіндердің саны тым көп болып, алыпсатарлар осы сәтті ұтымды пайдаланып қалуда. Олар билеттерді 10 есе қымбат бағада сатуда екен. Ал байқау ұйымдастырушылары алаяқтармен қалай күресіп жатыр? Оны келесі материалдан білейік.

Бала әншілер байқауында Қазақстан намысын Данэлия Тулешова қорғайды. Сайыстың ресми Youtube каналында Данэлияның бейнебаяны көрсетілімдер саны бойынша бір ай бойы алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жалпы додаға көрермендер арасында үлкен қызуғышылық байқалады. Кассаларда билет жоқ, түгелі бір аптада сатылып кеткен.

Ал алыпсатарлар осыдан пайда көріп қалуда. Ақтық сынға бірнеше апта қалғанда, ғаламторда билет сату туралы жүздеген хабарлама шыққан. 

Семен, алыпсатар:

- Әдетте саудаға түскеннен кейін бірден көп мөлшерде  сатып аламыз. Ал шараның басталуына аз уақыт қалып, кассаларда билет таусылғаннан кейін біз оны сата бастаймыз. Әрине алғашқы бағасынан қымбат өтеді. 

Мәселен, гранд-финалға 5 күн қалғанда билет бағасын 30 пайызға арттырады. Тіпті оны ақтық сын өтетін күні де сатып алуға болады. Бірақ құны 100 есе қымбат болуы мүмкін. Сондай-ақ алаяқтардың арбауына түсіп, жалған билеттер алу қаупі де бар. 

Евгений Перлин, Junior Eurovision 2018 додасын ұйымдастырушы әрі жүргізуші:

- Сайыс ережелері бойынша бір қолға сатылатын билеттер санына шектеу қойылған. Онлайн түрде сатып алуға да рұхсат жоқ. Бірден жүз билет сатып алып, оны өзге бағамен сатуға болмайды. Минскіде түрлі беделді спорт және мәдени шаралар өткізу тәжірибесі бар арнайы қызметтер жұмыс істеп, жағдайды бақылап отыр. 

Расында да Минскте мамандар осындай интернет-саудамен күресіп жүр. Заң бойынша алыпсатарларға әкмішілік жаза мен ауқымды айыппұл қарастырылған. Жалпы бала әнішлер байқауын 15 мың көрермен тамашалайды.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision байқауын қайдан көруге және Д.Тулешоваға қалай дауыс беруге болады? Данэлия Тулешова Минскіге келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы