369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision-2018. Данэлия Тулешова нешінші номерде өнер көрсететіні белгілі болды

  • 551
  • UPD: 10:25, 20.11.2018
Junior Eurovision-2018. Данэлия Тулешова нешінші номерде өнер көрсететіні белгілі болды mail.kz

Минскіде Junior Eurovision 2018 әнші балалар сайысының ашылу салтанаты өтті.

Гала шоуда сайысқа қатысушы 20 елдің өкілдері болды. Өнерпаздардың арасында қазақстандық әнші Данэлия Тулешова да бар. Салтанатты шарада жеребе тартылып, отандасымыздың нешінші номерде өнер көрсететіні белгілі болды.

Junior Eurovision-2018 ән апталығының ашылу салтанатына 20 елдің өнерпаздары қатысты. Олардың қатарында ел тарихында тұңғыш рет Қазақстаннан келген жас әнші де бар.

Шараға келген қонақтар мен телеарна өкілдері Қазақстанның намысын қорғайтын қаршадай қызбен танысуға асық. Данэлия Тулешова үшін бұл үлкен жетістіктің бастамасы ғана. Алайда қызықтың бәрі әлі алда.

Наталия Чуракова, Данэлия Тулешованың вокалдан ұстазы:

- Көңіл-күй керемет. Қатысушылармен кездесіп, танысып жатырмыз. Кейбіреулерін біз тек видео арқылы ғана көрген балатынбыз. Өзімізді мерекеде жүргендей сезінеміз. Ал жарыс 25-і басталады. 

Ашылу салтанатында Mapping show көрсетілімі қонақтарды таң қалдырды. Компьютерлік графика мен 3D проекция арқылы сахналанған көрініс көптің көңілінен шықты. Көрермендер Беларусь елінің ұлттық фольклорымен танысты. Ал Данэлияны қолдау үшін қазақстандық делегацияны «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Алан Әжібаев бастап барды.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:

- Көңіл күйіміз тамаша. Әрине, қобалжу да бар. Бірақ қобалжудың да бір пайдасы бар. Әдетте ондай кезде ойлағаныңның бәрі жақсы іске асады. Жоғары деңгейдегі дайындықты көріп отырмыз. Ұйымдастырушылар  қонақтарды жылы қарсы алды. Алда әлі талай таң қалатын жайттар көп болады деп ойлаймын.

Шарада әсерлі шоудан бөлек жеребе тартылып, Junior Eurovision 2018 әнші балалар байқауында үкілеген үмітіміз Данэлия Тулешованың үшінші номерде  өнер көрсететіні анықталды. Ал ән додасының ашылуы мен жабылуында Украина мен Польшадан келген қатысушылар өз өнерін паш етеді.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Естеріңізге сала кетейік, Junior Eurovision байқауын қайдан көруге және Д.Тулешоваға қалай дауыс беруге болатыны туралы жазған болатынбыз.

Брифингтің толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Осы категория бойынша: « Данэлия Тулешова Минскіге келді «Хабар» агенттігі Junior Eurovision байқауындағы Д.Тулешованың барлық шығындарын өтеуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы