369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» агенттігі Junior Eurovision байқауындағы Д.Тулешованың барлық шығындарын өтеуде

  • 200
  • UPD: 16:47, 19.11.2018
«Хабар» агенттігі Junior Eurovision байқауындағы Д.Тулешованың барлық шығындарын өтеуде Деловой Казахстан

Данэлия Тулешованың Junior Eurovision-2018 байқауына қатысуға кететін барлық шығындар «Хабар» агенттігінің бюджеті есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Бұл туралы Орталық комммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Хабар» Агенттігі» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев айтты.

«Бұл еліміздің Минсктегі Junior Eurovision-2018 балалар ән байқауына алғаш қатысуы. Сондықтан біз үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз. 2016 жылдан бастап «Хабар» агенттігі осы байқауды ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі болып саналады. Бұл агенттігімізге Қазақстанның атынан өз қатысушысын ұсынуға жағдай жасады», - деді ол.

«Бүгінде ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын барлық команда Минск қаласында. Данэлия Тулешова, техникалық топ, журналистер мен өзге де мамандарымыз қызу дайындық жүргізуде. «Хабар» агенттігі Қазақстан атынан хабар тарататын жалғыз ақпарат ұйымы және ұйымдастырушы компания. Қаржы мәселесі де біздің агенттіктің бюджетінен шешілді», - деді ОҚК баспасөз мәслихатына қатысқан «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев.

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision-2018. Данэлия Тулешова нешінші номерде өнер көрсететіні белгілі болды Д.Төлешова: Байқауда өнер көрсетуім сәтті болады деп ойлаймын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы