369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Төлешова: Байқауда өнер көрсетуім сәтті болады деп ойлаймын

  • 126
  • UPD: 20:48, 19.11.2018

Бүгін сағат 23:00-де Хабар телеарнасында JUNIOR EUROVISION 2018 ән байқауының ашылу салтанаты көрсетіледі.

Сондай-ақ дәл осы шарада жеребе тартылып, үкілеген үмітіміз Данэлия Төлешованың қандай нөмірмен өнер көрсететіні анықталады. Жалпы халықаралық байқауға жерлесіміздің дайындығы қалай? Ән додасын қайдан тамашалауға болады және жерлесімізге қалай дауыс береміз?

Данэля Төлешова. 12 жастағы қаршадай қыз Минскте өтетін халықаралық ән байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Талантты өнерпаз өз елімізде өткен іріктеуде жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танылып, топ жарды. Енді өзі қатарлас 9 бен 14 жас арасындағы 20 елдің өнерпазымен бақ сынасады. Бүгін Минсктен тікелей байланысқа қосылып, байқау алдында біраз толқып жүргенін айтты. 

Данэлия Төлешова, Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысушы:

- Қобалжып жүрмін. Сондықтан күн сайын дайындықты күшейтіп, мүмкіндігімді барынша жетілдіруге жұмыс істеп жатырмыз. Барлығы ойдағыдай болып, жарыс күні сәтті өнер көрсетемін деп ойлаймын. 

Беларусь астанасына Данэлияның жақын туыстары және Junior Eurovision-2018 ән байқауын Қазақстанда ұйымдастырған «Хабар» агенттігінің өкілдері де барған. Себебі бұл өнер сайысына еліміз тұңғыш рет қатысқалы отыр. Сондықтан жауапкершілік жоғары.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: 

- Данэлия Төлешованың осы байқауға қатысуына кететін барлық шығындар «Хабар» Агенттігі» бюджеті есебінен жүзеге асырылып жатыр. Ол Еуропалық хабар тарату одағының төленетін жарнасы. Данэлияның осы шараға дайындығы. Көрсететін музықалық нөмірі және басқа да шығындар біздің агенттік тарапынан арнайы қаржыладндырылуда.

Бүгін кешкі 23:00-де ән байқауының ашылу салтанаты өтеді. Оны «Хабар» телеарнасы  көрсетеді. Сондай-ақ  жеребе тасталып, қай өнерпаздың қай нөмірмен өнер көрсететіні де анықталады.

Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар директоры:

- Биыл байқауға 20 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстен мен Уэльс алғаш рет қатысады. Хабар арнасы байқауды 25-ші қараша күні 21:00 -де тікелей эфирде көрсетеді. Шығармашылық ұжым белгілі журналист Айгүл Мүкей, және Олжас Сыдықбек және өзге де блогер, жазушы әншілердің қатысумен өтетін жоба дайындадық. Олар байқау қатысушылары туралы пікірлерін білдіріп, осы кезге дейін ешкімге жарияланбаған құпияларды ашады.

Данэлия Төлешова халықаралық байқауда «Өзіңе сен» әнін орындайды. Сайысқа 3 ересек және 2 жас баладан құралған әділ қазылар алқасы төрелік етеді. Сонымен қатар көрермендердің дауысы да саналады.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:

- Барлықтарыңызды тақымды мықтап қысып, талантты қызымызға дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз осы байқау тарихына біздің елдің атын қалдыратындай әсер етуі мүмкін. Сондықтан Данэлия Төлешоваға қолдау көрсетіп дауыс берейік.

JUNIOR EUROVISION ән байқауын тікелей эфирде Қалдыбек Жайсаңбай мен Диана Снегина жүргізеді. Ал ақтық сынның қорытындысын блогер Аружан Хафизден естиміз. Жеңімпаздардың тізімінде жерлесіміздің есімінің аталуы біз бен сіздің белсенділігімізге тікелей байланысты. Көрермендердің дауыс беруі 23-і мен 25 қараша аралығында junioreurovision.tv сайтында өтеді.

Осы категория бойынша: « «Хабар» агенттігі Junior Eurovision байқауындағы Д.Тулешованың барлық шығындарын өтеуде Минск «Junior Eurovision 2018» байқауын өткізуге сақадай сай дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы