377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минск «Junior Eurovision 2018» байқауын өткізуге сақадай сай дайын

  • 399
  • UPD: 21:07, 19.11.2018

Минскіде «Junior Eurovision 2018» әнші балалар сайысына дайындық аяқталды. Енді Беларусьтегі ең басты алаңдардың бірі сайысқа қатысушы 20 елдің өкілін қабылдайды.

Осы жылдың ең ауқымды ән апталығының ашылуына бірнеше сағат қалды. Джуниор Еуровижн сайысының ашылу салтанаты бүгін кешке өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауды ашатын гала-шоуға бәрі сақадай сай. Елдегі ең ірі көрме алаңдарының бірі үлкен мультимедиалық сахнаға айналған. Ұйымдастырушылармен қатар додаға қатысушылар да өз дайындықтарын пысықтап жүр.

Наталия Чуракова, Данэлия Төлешованың вокалдан ұстазы:

- Сайысқа көп дайындалдық. Айтатын шығармамызды таңдағаннан кейін, оны тынымсыз өңдедік.  Әнімізді көрермендерге әсем жеткізу үшін аранжировкасын ойластырдық. Қазақ тіліндегі мәтінін де осы жақында ғана аяқтадық. Осылай бірнеше ай бойы тынбай еңбек еттік. Америкаға жасаған сапарымыз да жұмысымызға кедергі келтірген жоқ. Сол жерде де байқауға дайындалдық.

Әнші балалар байқауының ересектер сайысынан басты айырмашылығы - өз еліңнің өкіліне дауыс беруге мүмкіндік бар. Мұны дода сайтында жасауға болады. Көрермендердің пікірі қорытынды нәтиженің жартысын құрайды. Қалған бағаны қазылар алқасы береді.  Ең көп балл жинаған ән байқауда жеңіске жетеді.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никоноров

Хабар 24 телеарнасы