369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision-2018: Д.Тулешова Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

  • 158
  • UPD: 21:45, 20.11.2018

 «Junior Eurovision-2018» байқауында бақ сынайтын әншілерді Беларусь президенті Александр Лукашенко қабылдады.

Олардың арасында отандасымыз Данэлия Тулешова да бар. Жас өнерпаздарға президент сарайында экскурсия ұйымдастырылып, халықаралық маңызды келіссөздер өтетін ғимарат таныстырылды. 20 елден келген әнші естелік ретінде Беларусь президентіне Junior Eurovision байқауының рәмізі – хрусталь микрофонын сыйға тартты. 

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:

– Бүгіннің өзінде сіздерді жеңімпаз деп атауға болады. Дүниежүзілік байқауға қатысатын 20 әншінің қатарында болудың өзі – үлкен жеңіс. Бүкіл әлемнің назары осы байқауда.

Осы категория бойынша: « Минскіде «Junior Eurovision 2018» байқауының ашылу рәсімі басталды «Junior Eurovision». Аружан Хафиз отандастарымыздың дауыс беру қорытындысын жариялайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы