371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision». Аружан Хафиз отандастарымыздың дауыс беру қорытындысын жариялайды

  • 233
  • UPD: 12:12, 21.11.2018
«Junior Eurovision». Аружан Хафиз отандастарымыздың дауыс беру қорытындысын жариялайды

Осы жексенбіде Минск қаласында «Жуниор Еуровижн» халықаралық байқауының соңғы кезеңі өтеді. Бұл додада еліміздің намысын жас өнерпаз Данэлия Тулешова қорғайды.

Ереже бойынша, жеңімпаз әділқазы алқасы мен көрерменнің берген даусы арқылы анықталады. Қазақстан командасы құрамындағы делегат, жас блогер Аружан Хафиз 25 қарашада отандастарымыздың дауыс беру қорытындысын жариялайды. Айтуынша, қатысушыларға баға беру бір бөлек, ал қорытындыны бүкіл әлемге паш етіп жариялау мүлдем басқа . Аружан қобалжу сезімінің жетегінде кетпей, өзіне тапсырылған міндетті ойдағыдай атқарып шығатынын алға тартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы гала-шоу бұрынғыларына қарағанда өзгерек болайын деп тұр. Инженерлер сахнаны он мыңдаған жарық шамымен безендірген.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Данэлия Тулешоваға 23-25 қараша аралығында сайыстың ресми сайтында дауыс бере алады. 

Аружан Хафиз, блогер:

- Әрине қобалжу бар, өйткені бұл өте маңызды шара.Бірақ бұл сезімге бой алдырмауға тырысамын. Бар болғаны дауыс беру қорытындысын жариялауым керек. Бұл өте жауапты міндет.

Осы категория бойынша: « Junior Eurovision-2018: Д.Тулешова Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті «Junior Eurovision» байқауын тамашалауға Минскіге 15 мыңға жуық адам барады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы