369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Junior Eurovision» байқауын тамашалауға Минскіге 15 мыңға жуық адам барады

  • 121
  • UPD: 20:30, 22.11.2018
«Junior Eurovision» байқауын тамашалауға Минскіге 15 мыңға жуық адам барады

«Джуниор Еуровижн» балалар ән байқауының ұйымдастырушылары соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Жексенбі күні Минск-Аренада 20-дан астам елдің өкілдерінің қатысуымен үлкен концерт өтеді. Халықаралық додаға біздің елдің атынан жас әнші Данэлия Тулешова түседі. 

Беларусь астанасы «Джуниор Еуровижн» балалар ән байқауының ақтық сынын өткізуге сақадай-сай. Минск-Аренада өтетін айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңға жуық көрермен келмек. Жерлесіміз Данэлия Төлешеова да Минскке келген күннен бастап сахнада орындайтын әндерін қайталап айтып, жаттығумен жүр. Жас әншімізді қолдау үшін елден бір топ жанкүйер барған.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Біздің бәріміз Данэлияға қолдау көрсету үшін келдік. Бұл мемлекеттік жобаға айналып отыр. Себебі Қазақстан тарихында алғаш рет болайын деп тұр. Данэлия ірі беделді байқауға жұлдызды жол салады деп үміттенеміз. Мүмкін  ән байқауы келешекте Қазақстанда да өтіп, көптеген жас таланттар жеңіс биігіне көтерілер деп сенеміз.

Көптеген продюсерлер бұл ән байқауын «музыкалық олимп» деп атайды. Себебі бұл жас әншілер үшін шоу бизнес әлеміне өткел іспетті. Қазір Минск Арена техникалық дайындықтармен қатар кештің ең маңызды тұсы - дауыс беру сәтіне де әзір. Барлығы Еуропалық хабар тарату одағының тәртібіне сай жүргізіледі.

Аружан Хафиз, Қазақстан амбассадоры, блогер:

- Қарашаның 23-і мен 25-і аралығында Данэлия Тулешоваға дауыс беруге болады. Junioreurovision.tv сайтында бес елге және өз еліңіз үшін дауыс бере аласыз. Барлығыңызды Данэлияға қолдау көрсетуге шақырамын.

Биылғы байқауға 20 мемлекеттің өнерпаздары қатысады. Бұл осы ән байқауының тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ал Қазақ елі мен Уэльс алғаш рет сайысқа түскелі тұр. Әзербайжан, Израиль және Франция да сахнаға қайта оралған. Шараны ұйымдастырушылар да көрерменінің көңілін табу үшін барын салып жатыр. Бір ғана мысал өнерпаздардың нөмірлері анық көрінуі үшін сахнаға ондаған мың арнайы жарықдиодтар орнатылған. 

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никоноров

Осы категория бойынша: « «Junior Eurovision». Аружан Хафиз отандастарымыздың дауыс беру қорытындысын жариялайды «Junior Eurovision» байқауында Польша елі жеңімпаз атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы