371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision - 2018. Д.Тулешова әніне арналған қойылым туралы айтып берді

  • 194
  • UPD: 20:38, 23.11.2018
Junior Eurovision - 2018. Д.Тулешова әніне арналған қойылым туралы айтып берді

Бірнеше күннен кейін Junior Eurovision - 2018 балалар байқауының жеңімпазы белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы додаға 20 елдің өкілі қатысып отыр. Арасында біздің Данэлия Тулешова да бар. Қазір әншілер өз қойылымын дайындап, тынымсыз репетиция өткізіп жүр. Данэлия өз әнін ойдағыдай орындайтынына сенімді.

Балалар байқауының ақтық сынына санаулы күн қалды. Минскідегі бұл додаға алғаш рет қазақ елі де қатысады. Данэлия Тулешова Минск-Арена сахнасын бағындыру үшін әрбір минутты бос жібермей, бағдарламаға тыңғылықты дайындалды.

Данэлия Тулешова, байқауға қатысушы:

– Менің қойылымымның түпкі мақсаты осында. Құдай берген уақытты құр өткізбеу керектігін көрерменге жеткіземін. Бағдарламам адамның дүниеге келген кезінен бастап уақыттың қалай өтетіндігін баяндайды.

Биыл балалар байқауы тарихқа қайта енеді. Бұға дейін де Минск өзінің өнерімен, музыкалық шығармашылығымен талай көрерменді тәнті еткен. Ал бұл жолғы өнер додасы бұрынғыдан өзгерек болады. 15 мыңнан аса көрермен өз көзімен жеңімпаздардың өнерін тамашалайды. Сондай-ақ 100 мыңдай адам шараны тікелей эфирден бақылайды. 

Елена Тулешова, Данэлияның анасы:

– Кез келген байқау үлкен қобалжу мен уайымға салады. Сондай-ақ көп уақытымызды дайындыққа жұмсап жатырмыз. Яғни күнделікті студияға барып, дайындық жұмыстарын пысықтап аламыз. Сондықтан барлығы бос емес.

Бұл – қазылар алқасының шешімі шыққанша, қатысушылардың күтетін орны. Аренаның күмбезі арнайы жобаланған лед шамдармен безендірілген. Сондай-ақ киелі сахна күн секілді жарқырап тұрады. Себебі санаулы күндерден соң, дәл осы сахнада жаңа жұлдыздардың бағы жанбақ

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Осы категория бойынша: « «Junior Eurovision» байқауында Польша елі жеңімпаз атанды Данэлия Тулешова жанкүйерлерден қолдау сұрады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы