376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова «Junior Eurovision» финалында өнер көрсетті

  • 819
  • UPD: 22:22, 25.11.2018

Отандасымыз Данэлия Тулешова байқауда үшінші номерде сахнаға шығып, ән шырқады.

12 жасар әнші «Өзіңе сен» композициясын қазақ және ағылшын тілінде (Seize the Time) орындады.

«Балалар Евровидениесінің» финалын «Хабар 24» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Еске сала кетсек, байқаудың финалы аяқталған соң junioreurovision.tv сайтында қатысушыларға дауыс беру желісі 15 минутқа ашылады. Сол сәтте отандасымызды қолдап, дауыс беруге болады.

Хабар 24 телеарнасы