ЭКСПО көрмесіне қалааралық автобустар 470 мыңнан астам адамды жеткізеді

ЭКСПО көрмесіне қалааралық автобустар 470 мыңнан астам адамды жеткізеді
proektant.kz

ЭКСПО көрмесі кезеңінде Атырау мен Маңғыстаудан басқа Қазақстанның барлық облыстарынан Астанаға күн сайын 118 автобус келеді. Оларға  «Сапаржай Астана» автовокзалы, «Алай» және «КенМарт» көлік хабтары қызмет көрсетеді.

Қазір жұмыс істеп тұрған «Сапаржай Астана» автовокзалы күн сайын 53 рейс пен автобус қамтылатын облыс аралық рейстерге қызмет көрсетеді. 

«Алай» көлік хабы солтүстіктен, батыс және оңтүстік өңірлерден келетін 37 рейс пен автобус қамтылатын қосымша облысаралық рейстерге қызмет көрсетеді (Көкшетау, Петропавловск, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскемен). Аталған хабты көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 70-ке жуық автобусы бар 7 бағыт белгіленді.

«КенМарт» көлік хабы республиканың оңтүстік өңірлерінен келетін  қосымша рейстерге қызмет көрсетеді (Алматы, Қарағанды, Алматы облысы). Онда 1 254 жолаушылар легі бар 28 рейс пен автобус қамтылады деп жоспарлануда.

Аталған хабты көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 50-ге жуық автобусы бар 7 бағыт белгіленді.