«Клиент үшін талас» бағдарламасына хабарласқан бұл жолғы кейіпкеріміз Құралай Каленова. Ол тісіне имплант жасатпақ ниетте. Алайда қалта түбін қағатын бұл қызметтің құны оның көңілінен шықпады. Себебі стоматология 1 тіс үшін 150 мың теңге төлеу керектігін алға тартты. Тістерді қалпына келтіру қызметінің құны қанша тұратынын білу үшін біз де бұл нарықты зерттедік. Құралайға өзі қалаған бағада сапалы қызмет ұсынатын тіс емханасын бірге іздеп көрдік. Нәтижесі қандай?