«Сазанқұрақ» кен орнын игеру жұмыстары 1997 жылы басталып, бір жылдан кейін алғашқы қара алтын өндірілді. Бұл өндіріс ошағы Каспий маңы ойысының оңтүстік-батысында орналасқан. Атырау қаласынан 85 шақырым қашықтықта жатыр. Кен орны ауданы 4-5 шақырым жерді құрайды.