loader


Нұртөре Жүсіп: БАҚ туралы заңға «әлеуметтік пакет» енгізу қажет

Сенатор Нұртөре Жүсіп Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға «әлеуметтік пакет» мәселесін енгізу керек дейді.

Журналистерге осы көмек болады. Оның айтуынша, журналистердің еңбегі бағаланып, БАҚ қызметкерлерінің қаламақысы, метериалдық жағдайы және әлеуметтік мәртебесі айқындалуы керек.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Яғни БАҚ қызметкерлерінің еңбегі лайықты түрде бағалануы керек. Бұл мемлекет үшін соншалықты ауыр нәрсе емес. БАҚ туралы заңға міндетті түрде әлеуметтік пакетті енгізу керек. Бұл журналистердің жұмыс жағдайына, қызмет жағдайына, кәсіби міндеттерін атқару мәселесі, денсаулық жағдайына қатысты әлеуметтік пакеттер заңмен енгізілсе, сонда біздің Қазақстан журналистерінің тынысы ашылады. Жаңа Қазақстанды құруға жігерлене кіріседі деп сенемін.

Сондай-ақ...