476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейліктер Президенттің шешімін қуана қарсы алды

  • 171
  • UPD: 17:47, 17.03.2022

Кезінде Алаш қаласы атанып, Алаш автономиясының астанасы болған Семей енді Абай облысының орталығы болады.

Кезінде мұндағы ет комбинатына ел ішінен бөлек, сырттан да мал айдап әкелетін. Тері былғары комбинатының да атағы алысқа кетті. Семейдің ақ кірпіші да құрылысшы атаулыға жақсы таныс. Абай туған өлкеде көненің көзіндей тарихи-мәдени орталықтар да жетіп артылады. Қазір де өндіріс орындары бар болғанмен мәселе де жетерлік. Тозығы жетіп тұрған дүние де көп. Кешегі жолдауында Президент те осы мәселені еске салды.  Ең бастысы сең қозғалды. Абай облысы құрылады. Бұл өңірдің экономикасына да басқа да әлеуетіне әсер етері сөзсіз. Елдің қуанышында шек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы