loader


Елорда студенттері Жолдауды талқылады

Жастар ел болашағына бейжай қарамайды. Бүгін елорда студенттері Президент Жолдауын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Шараға бас қаладағы 35 колледж пен 16 университеттің білім алушылары қатысты.

Жалындап тұрған жастар. Елдің ертеңгі тірегі жуырдағы Президент Жолдауын талқылап, көңілден шыққан тұстарын айтуға жиналған. Маңызды құжатта түсінбегендерін бүгін студенттерге аға буын өкілдері айтып берді. Негізінен жастар арасында Президенттің ұлттық қорға қатысты тапсырмасы кең тарапты. 

Дәулет Жорабек, Astana IT University студенті:

- Президент ең басты осы халыққа көптеген өзінің ықпалын, еңбегін көрсетіп тұр және көптеген мәселелерді көтеріп, соны жөндеп жүр. Сол себепті менің ойымша, осы өзгерістер Президенттің қолдауына байланысты көптеген әсерлер әкеледі біздің халықымызға, жалпы Қазақстанға.

Бүгінгі шараға 70-ге жуық жас жиналған. Олар 35 колледж пен 16 жоғарғы оқу орындарының студенттері. Бұл жастар арасында Президент жүргізіп отырған саясатқа қызығушылық артқандығын көрсетеді – дейді, ұйымдастырушылар.

Арайлым Сапарәлі, "Astana Jastary" жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Әдеттегідей маңызды, өзекті сұрақтар қарастырылған. Оның ішінде ұлттық қор балаларға арналған. Ұстаздарға, жас мамандарға арналған жалақының өсуі - бұл жас мамандарға мотивация. Үлкен мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Одан да бөлек халықтың сұранысына байланысты сұрақтар мен мәселелер жарияланып, тапсырмалар берілді. Бұл Жаңа Қазақстанның тек сөзбен емес, жалпы іспен де іске асатынына дәлел деп ойлаймын.

Жалпы жастар арасында бұндай кездесулер мен пікір алмасулар жиі өткізіліп тұрады.

Риат Шони, Артур Горшняков

Сондай-ақ...