Еліміздің бірқатар өңірінде ақ түтек боран соғып тұр
Соңғы тәулікте еліміздің бірқатар өңірінде ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып тұр.
Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асты. Республикалық және облыс аралық барлық бағыт бойынша жолдар жабылған. Аққулы және Баянауыл аудандарында электр жарығы сөнген. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қатты желден облыс орталығындағы бас шырша құлап қалды.
Күн райының күрт өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстан, Абай облысында да өкпек жолаушыға қауіп қатер көбейген. Әсіресе ресеймен шекралас аудандарда түк көрінбейтін боран соғып тұр. Бірнеше бағыттағы автожолдар жабылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің бірінші және екінші курс студенттері сабақты қашықтан оқиды.