Туризмді дамыту
Қазақстанның туристік әлеуеті орасан деп жиі айтамыз. Алайда туризм саласын әлі күнге дейін қарыштап дамыта алмай отырғанымыз да жасырын емес.
Қазақстанда туризмді дамытуға ғылыми зерттеулердің нәтижесін пайдалану қажет. Саланы зерттеген мамандар осылай дейді.
Еліміздегі туризмді қалай дамытамыз? Осы сұраққа жауап алу үшін студиямызға Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаевты арнайы шақырттық.