Астанада 2907 үлескер баспаналы болады
Биыл Астанада 2907 үлескер баспаналы болады.
Қалалық әкімдік мәліметінше қазіргі таңда үлескерлердің қаржысы құйылған 20 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған дейін 2019-2023 жылдары аралығында елордада 120 проблемалық кешеннің құрылысы аяқталған. Яғни 2019 жылы 13 үй, 2020-да 2020, 2021 жылы 57, 2022 жылы 30 үй пайдалануға берілсе, былтыр 12 баспана ел игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде осы уақыт аралығында 14 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешілді.
2019 жылы — 13 үй
2020 жылы —20 үй
2021 жылы — 57 үй
2022 жылы — 30 үй
2023 жылы — 12 үй