Ақтауда медициналық қызметкерлер ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмай келген
![Ақтауда медициналық қызметкерлер ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмай келген](/media/k2/items/cache/13f1cecffb4355974405db0acb48a206_XL.jpg?t=20240124_085442)
Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.
Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады.
Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы