Алматыда тағы жер сілкінді
Бұл жолғы қуаты 2 балға жеткен. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша түнгі 4:27-де сезілді, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырымда Қытай аумағында тіркелген. Көрші елде түнде және таңертеңгілік тағы бірнеше афтершок болған. Бірақ олардың әсері Қазақстанда сезілген жоқ.