Өскеменде тұрғындар үй құрылысына қарсы
Өскеменде көпқабатты үйдің тұрғындары үй іргесінде басталған құрылысқа үзілді кесілді қарсы.
«12 қабатты зәулім үй салынса көлік өтетін жол қалмайды» дейді. Балалар алаңы мен аулаға да жер тапшы. Оларға пәтер берілген кезде, жанынан тағы бір үйдің салынатынын ешкім ескертпеген.
Көгершін Аманғұлова, үй тұрғыны:
- Қазір отыз-ақ процент кісі тұрып жатыр, ал енді машина қаптаса, парковкасы да жоқ, 102 де жоқ, пожаркасы да жоқ ешқайсы жерден бұрыла алмайды, мына 12 этажды салдыруға біз қарсыз.
Әйгерім Әбдешова, үй тұрғыны:
- Біз алған кезде біздің жеке алаңымыз, үйіміз қоршаулы яғни безопасность дейді ғой, яғни қауіпсіздікке зиян емес болған. Басқа біреулер кірмейді, яғни жеке ауламызға ешкім қол сұқпайтын болған, енді міне біз үйді алып тұрып үйімізге кірдік дегенде маңайымыздан қазып 12 этажды үй салынады деп енді ескертіп жатыр.
Мамандар: «шағын аудандағы 12 қабатты үйдің құрылысы барлық заңға сай жүреді» дейді. Яғни, қала жоспарында бар.
Әлішер Бекен, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
- Салынғалы жатқан бұл үй 2018 жылғы қаланың жоспарлау жобасында көрсетілген. Нормативтік талаптар сақталған.Үй құжаты мемлекеттік сараптамадан да өтті. Тұрғындарға «бұл жерде үш қабатты нысан ғана салынады деп», жалған мәлімет берілген. Жаңа аудан болған соң құрылыс көп. Бұл осында тұрып жатқан жұртқа қолайсыздық туғызуы мүмкін. Ал балалар алаңы, автокөлік тұрағы, аула үшін алаңдауға негіз жоқ. Олардың бәрі болады.