Ақтөбе облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
![Ақтөбе облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды](/media/k2/items/cache/8b1e992a89d6fef6099b14415735d347_XL.jpg?t=20240206_092710)
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды.
Үшінші күн қатарынан қатты соққан боранға қарамай жолға шыққан 30-ға жуық жеңіл және 20-дан астам жүк көлігіне арнайы көмек көрсетілді. Олар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда тұрып қалған. Тіпті халықаралық маңызы бар "Самара-Шымкент" тас жолының Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылады. Қазір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 50-ден астам маман мен 17 автокөлік жұмылдырылды.