Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда білім алатын оқушылар қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл өзгеріс мектепке дейінгі даярлық топтары мен 1-9-шы сынып оқушыларына қатысты. Сондай-ақ қала маңындағы жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды. Оған да ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы себеп.