ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері 68 көлікті заңсыз тіркеген
![ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері 68 көлікті заңсыз тіркеген](/media/k2/items/cache/eaa669bfcaddce5cfa0d1c986bcb03d5_XL.jpg?t=20240223_120107)
Азаматтарға арналған үкіметтің Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен келісіп, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді тіркеген.
Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.
Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады, делінген ҚМА таратқан ақпаратта.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.