ТЖМ: Алматыда афтершок болуы мүмкін
«Алматыда афтершок болуы мүмкін. Дегенмен мамандардың құтқару жұмыстарына дайындығы жоғары».
Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының кезекші бөлім бастығы Эльдор Райымбеков осылай деді. Қазір республикалық жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Шаһардағы барлық ғимарат пен жол инфрақұрылымының бұзылу-бұзылмауына қатысты тексеріс жүргізілуде. Мамандар әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Сондай-ақ тұрғындар «112» жедел желісі арқылы жерасты дүмпуі бойынша мазалаған сұрақтарына жауап ала алады.
Эльдор Райымбеков, ҚР ТЖМ дағдарыс жағдайларында басқару орталығының кезекші бөлім бастығы:
- Тиісті министрліктің күштері мен құрал-жабдықтары осы жағдайға байланысты күшейтілген түріне көшті. Сонымен бірге жеке құрам Алматы маңайында орналасқан құтқарушылар өздерінің дайындықтарын Алматы тұрғындары мен қонақтарына көрсетіп жатыр. Өйткені бұл табиғаттық құбылыс, оны ешкім айта алмайды қай кезде болатынын, қандай бал болатынын.