Алматыда барлық жолайрық тексеріліп жатыр
![Алматыда барлық жолайрық тексеріліп жатыр](/media/k2/items/cache/92477c398962a6a1f3e4cb80c4437c50_XL.jpg?t=20240305_081310)
Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы барлық жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдері тексеріліп жатыр.
Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма хабарлады. Мамандар 36 жол айрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне визуалды тексерулер жүргізген. Оларға ешқандай зақым келмеген. Көпірлер мен өткелдерді, егжей - тегжейлі зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.